Италияның мәдениет орталығы ашылады

Италияның мәдениет орталығы ашылады

Астанада Италияның мәдениет орталығы ашылмақ. Әрі елорда көшелерінің біріне белгілі саяхатшы Марко Полоның аты беріледі. Ал биыл Рим қаласында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының мүсіні орнатылады. Бұл туралы бүгін Ақордада айтылды. Мұнда Италия Президенті Серджо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Мәртебелі мейманның ресми сапары барысында екі елдің арасындағы тауар айналымын арттыру мәселелері талқыланды.