Екібастұз қаласында теміржолшылар күні аталып өтті

Екібастұз қаласында теміржолшылар күні аталып өтті

Екібастұз қаласында теміржолшылар мерекесі кең көлемде аталып өтті. Шаһар тұрғындары үшін Қазақстанның ең ірі теміржол машина жасау кластері саналатын «Railways Systems KZ» компаниясы қала әкімдігімен бірлесіп, үлкен мерекелік шара ұйымдастырды. Ашық аспан астында өткен мерекелік кеште өз еңбегіне адал  жандар марапатталып, озық шыққандарға наградалар табысталды. Кеш соңы отандық және шетелдік жұлдыздардың концертіне ұласты.

Екібастұз тұрғындарына «Railways Systems KZ» теміржол кластерінің кәсіпорындары жақсы таныс. Белсенді дамып келе жатқан өндіріс 12 жылдан бері жылжымалы құрам мен жолдың жоғарғы құрылымының элементтерін шығарады. Компания қаланың дамуына да сүбелі үлес қосып келеді.