Интернеттен алынған тауарлар декларациялануы қажет

Интернеттен алынған тауарлар декларациялануы қажет

Енді интернеттен алынған кез келген тауар декларациялаунуы қажет болады. Сенат депутаттары Еуразиялық экономикалық одақ бойынша Кеден кодексіне осындай өзгерістер енгізген заң жобасын мақұлдады. Бұған дейін рәсімдеу тек құны 200 еуродан асатын немесе салмағы 31 келіден ауыр тартатын тауарларға ғана міндетті болған еді. Ол кезде бірыңғай 15 пайыздық мөлшерлеме қолданылатын. Енді декларацияны әрбір тапсырыс үшін толтыру қажеттігі туындайды. Мұны азаматтар өздері немесе арнайы электронды сауда операторлары арқылы рәсімдей алмақ. Карголар тауарды жеткізіп қана қоймай, кеден органдарымен тікелей жұмыс істейді. Бұл кәсіпкерлер үшін уақыт үнемдейді, тұтынушыларға тапсырысы уақытында жеткізілмек.