Қазақтың аспаздық мәдениеті ЮНЕСКО дипломатиялық қауымдастығының кешінде таныстырылды

Қазақ халқының аспаздық дәстүрі мен өнері Парижде өткен ЮНЕСКО Дипломатиялық қауымдастығының жыл сайынғы қабылдауында таныстырылды. Еліміздің тұрақты өкілдігі қонақтарға көшпенділердің ұлттық асханасының ыстық тағамдары мен дәмтатымдарын ұсынды. Ал танымал этнограф және ресторатор Әйгерім Мұсағажинова келушілерге  аспаздық дәстүрлеріміздің ерекшеліктері мен тағамдардың алуан түрлілігіне қатысты түсініктеме берді. ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне Қазақстанның қатысуымен 13 номинация енгізілді. Олардың арасында «Наурыз», «Қазақ жылқышыларының көктемгі мерекелік салт-дәстүрлері» және «Жұқа нанды жасау және бөлісу мәдениеті» ұлтымызың ас әзірлеу дәстүрлеріне тікелей қатысы бар.