Ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Көкшетауда Ақмола облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші өңірлік форумы өтті. Биыл аймақ диқандары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Жиында қарапайым жұмысшыларға, еңбек династияларына құрмет көрсетілді. Үздік шыққан 200 адам марапатталды.
Биыл аймақ диқандары алты жарым миллион тоннадан астам астық жинады. Бұл рекорддық көрсеткіш. Бидайдың орташа шығымдылығы - гектарына 14 центнер. Сапасы да жақсы. 60 проценттен астамы ІІІ классқа жатады. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2 есе ұлғайып, шамамен 1 трлн теңгеге жетті.

