Қазақстанда жаңа халықаралық сауда-логистикалық орталық жұмыс істей бастады

Қазақстанда жаңа халықаралық сауда-логистикалық орталық жұмыс істей бастады

Жаңа халықаралық сауда-логистикалық орталық Қазақстан-Қытай шекарасында іске қосылды. Аталған жобаны жүзеге асыру «Достық» кеденінің «Алакөл» бекетінің өткізу қабілетін тәулігіне 200-ден 600 жүк фураларына дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ал бұл тәуліктік жүк айналымын 4 мың тоннадан 12 мың тоннаға дейін еселей түсуге мүмкіндік береді. Жалпы, аталған көрсеткіш 3 млн тоннаға жетеді. Айта кетейік логистикалық орталық жеке инвестициялар есебінен салынды. Ол шамамен 3 млрд теңгені құрады.


Мақсат Қалиақпаров, ҚР көлік вице-министрі

- Біз үлкен көліктік-логистикалық хаб болып табыламыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша келешекте бізде жүктерді өңдеуге, сақтауға арналған осындай хабтар ашылады. Көлік-логистикалық орталық, өз кезегінде, біздің шығыс шекарамыздағы алғашқы хаб.