Конституциялық комиссияның үш отырысы өтті
Бүгін Конституциялық
реформа жөніндегі комиссияның қатарынан екі отырысы өтті. Ұлттық құрылтайда
көтерілген тақырыптар терең талқыланып, ұсыныстар ортаға салынды. Әзірге
комиссияның талқылауына бас-аяғы 2 мыңнан астам ұсыныс келген. Оның бірі қалмай
жинақталған кестеге топтастырылды. Әр пікір қаралады. Әр ұсыныс ескеріледі.
Айта кетейік, комиссия отырысы негізі үш бағытта өтіп жатыр. Бұл – елдің
саяси-құқықтық дамуы жолындағы айрықша мәнге ие кезеңнің басталуы болмақ.
Қасым-Жомарт Тоқаев,
Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біз, шын мәнінде,
жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан мен
Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Комиссия құрамына 100-ден
астам азамат кіреді.
Бұл Президенттің
Ұлттық ққрылтайдың 5-ші отырысында берген тапсырмасы. Енді міне, соның
негізінде конституциялық комиссия құрылып, қатарынан 3 бірдей отырысы өтті.
комиссияның алғашқы отырысында бір палаталы «Құрылтайдың» функциясы мен құрамы,
вице-президент лауазымының мемлекеттік биліктегі орны, заң шығару бастамасын
көтеруге хақылы «Халық кеңесінің» құзыреті туралы айтылды.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік
кеңесшісі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары:
- Жұмыс тобының
мүшелеріне алдағы реформаға қатысты өз ұсыныс-пікірлерін әзірлеуге 1 ай уақыт
берілді. Конституциялық реформаға қатысты 7 саяси партия, 16 қоғамдық ұйым өз
ұсыныстарын жіберді. Ал, е-өтішін және е-gov порталдары арқылы азаматтар мен
қоғам белсенділері тарапынан 600-ден астам ұсыныс келіп түсті.
Ал, бүгін коммиссияның
екінші отырысы болды. Мазмұны терең. Түйткілді түйін мен талқыланатын тақырып
өте көп. Себебі, санаулы күннің ішінде саяси науқанға байналысты 2 мыңнан астам
ұсыныс келіп түсіпті. Олардың барлығы біртұтас жинақталған кестеге
топтастырылды. Әр сұрақ жан-жақты зерделеуді қажет етеді. Қазақстан саяси
жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басып отырғандықтан, шешім қабылдауда
салғырттыққа салынуға болмайды. Бұны ұлттық құрылтайда Президент те айтқан
болатын. Ұсыныстар тізімінде вице-президент институтын құру мәселесіне қатысты
сауалдар да бар. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың сөзінше, бұл лауазымға
тағайындалатын тұлға партияға мүше бола алмайды. Депутаттық қызмет атқармайды
және ақылы қызметтер көрсетуге тыйым салынған..
Ерлан Сәрсембаев ҚР Әділет
министрі:
- Президенттік
өкілеттіктерді қабылдаған тұлға сәйкесінше вице-президент, Құрылтай төрағасы,
Премьер-министр лауазымдарынан босатылады. Бұл жағдайда бос мемлекеттік
лауазымдар Конституцияда көзделген тәртіппен алмастырылады. Қоғам үшін бұл
сыртқы немесе ішкі жағдайларға қарамастан тұрақтылықты және мемлекеттің заңды
және жүйелі түрде әрекет ететіндігіне толық сенімділікті білдіреді.
Айтпақшы,
вице-президент Мемлекет басшысының
тапсырмасымен елдің сыртқы өкілдігін қамтамасыз етуге міндетті. Әрі, негізгі
мемлекеттік институттармен өзара іс-қимыл жасап, азаматтық қоғаммен, ғылыми,
мәдени және сараптамалық қауымдастықтармен диалогты дамытумен айналысады.
Комиссия жұмысы
барынша ашық болуы тиіс. Азаматтар тікелей эфир арқылы сарапшыдардың
көзқарастарын және өзге азаматтардың бастамаларын көре алады. Мұндай диалог
форматы реформаның негізгі қағидатын ақын көрсетеді, - дейді кеңес төрағасы.
Сондай-ақ, Конституциялық комиссияның жұмысы парламенттік реформамен
шектелмейді. Негізгі заңның өзге де бөлімдерін қамтитын кешенді конституциялық
трансформация да назарда болады. Соңғы шешім жалпыхалықтық референдум арқылы
қабылданады. Келелі кездесуде конституциялық реформаға қатысы келіп түскен
ұсыныстар сараланып, жан-жақты талқыланбақ.
Авторы: Зұлқарнай
Ермұратұлы

