Алматыда Қазақстан – Ресей медиафорумы өтті

Алматыда Қазақстан – Ресей медиафорумы өтті

Алматыда екінші Қазақстан-Ресей медиафорумы өтті. Қазақстандық делегацияны Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастады. Ал ресейлік делегацияға Ресей президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жетекшілік етті. Жиынға екі елдің жетекші медиақұрылымдарының басшылары қатысты. Басқосуда медиа саласында жасанды интеллектіні пайдалану, сондай-ақ жалған ақпараттың әдейі таралуына қарсы әрекетті үйлестіру мәселелері талқыланды.