TikTok әлем бойынша қызметкерлерін жұмыстан босатып жатыр

TikTok әлем бойынша қызметкерлерін жұмыстан босатып жатыр

TikTok қызметкерлерін жұмыстан босатып жатыр. ByteDance компаниясы Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және Африкадағы HR бөлімдерді таратып жіберді. Енді аталған қызметті алдағы бірнеше күнде әлем бойынша жабады. Қазір онда 40 мың маман бар. «Жас таланттарды іріктеуге арналған бұл бөлім енді бізге қажет емес.  Алайда, қызметкерлер жұмыстан түбегейлі қуылмайды. Олар тек басқа бөлімге ауыстырылады», деп жазған компания басшылығы. Жалпы, қазір Тиктоктағы жекелеген қызметті ғана емес, платформаның өзін толық бұғаттау туралы қызу пікірталас әлі де жүріп жатыр. Дональд Трамп желіні сатып алу туралы бірнеше рет ұсыныс білдірген.