Қазақстандықтардың қаржысын алаяқтардан қорғау үшін антифрод-орталық құрылады

Қазақстандықтардың қаржысын алаяқтардан қорғау үшін антифрод-орталық құрылады

Қазақстандықтардың қаржысын алаяқтардан қорғау үшін антифрод-орталық құрылады. Жобаның қалай жүзеге асатынын бүгін Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына баяндап берді. Тимур Сүлейменов осы жарты жылда жүргізген ақша-несие саясаты туралы есеп берді.

Айтуынша, елде жылдық инфляция бәсеңдеген. Ішкі экономикада проинфляциялық факторлар сақталып отыр. Ұлттық банк төрағасы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйіне тоқталды. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны одан әрі тұрақтандыруды және цифрлық қаржылық инфрақұрылымдарды дамытуды тапсырды