Жұмысшы мамандар жеңілдікпен үй алады
Елімізде «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй
бағдарламасы іске қосылды. Ол арқылы өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл
шаруашылығы және су ресурстары саласындағы қызметкерлер жеңілдікпен үй алады.
Баспана «Отбасы банкі» арқылы беріледі. Өтінімдер 17-ші наурыздан бастап қабылданады.
Азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7%-дан,
ал қалған санаттар үшін 9%-дан басталады. Бастапқы жарнасы - әрленген тұрғын
үйді сатып алу үшін 10%, әрленбеген баспананы және екінші нарықтағы тұрғын үйді
сатып алу үшін 20% болады. Облыстардың тұрғындары 30 млн теңгеге дейін, Астана
мен Алматы қалаларының жұмыскерлері 36 млн теңгеге дейін ипотека рәсімдей
алады. Биыл бұл мақсатта 2 440 несие беру жоспарланып отыр.

