Ең ірі қант шығаратын зауыт салынады

Ең ірі қант шығаратын зауыт салынады

Еліміздегі ең ірі қант зауыты Атырауда салынады. Қазір облыс әкімдігі халықаралық компаниялардың бірімен келіссөз жүргізіп жатыр. Осылайша, аймақта жылына 144 мың тонна өнім өндірілмек. Зауыт 2026 жылы іске қосылады. Жалпы қазір өңірде қантқа сұраныс жоғары. Аймаққа импортталатын осы тауардың 90 пайызы өзге елден келеді.  Кәсіпорын қызылшадан бөлек тағы төрт түрлі өнімді нарыққа шығармақ.