Ауланған балықтың 90 пайызы шетелге саудаланған
Атырау олысында былтыр ауланған балықтың 90 проценті шетелге экспортталған. Негізгі тұтынушылар – Ресей, Иран, Әзербайжан, Украина, Беларусь және Грузия. 2024 жылы жергілікті балықшылар 13 мың тоннадан астам балық ұстаған. Қазір аймақта осы бағытта жұмыс істейтін 18 шаруашылық бар. 5 жылда тағы 13-і ашылады. Алайда Каспий теңізінің тартылуы саланы дамытуға кедергі келтіріп отыр дейді шаруалар. Еске салайық, Президент өзінің халыққа жолдауында жауапты сала өкілдеріне балық шаруашылығын дамытуды тапсырған.

