Президент Италия Министрлер Кеңесінің төрағасымен кездесті
Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасымен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Президент былтыр Римге жасаған ресми сапары Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті. Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

