Енді рейс кешіксе әуе компаниясы айыппұл төлейді

Енді рейс кешіксе әуе компаниясы айыппұл төлейді

Енді рейс кешіксе әуежай да, әуе компаниясы да жазаланады. Қазір әр мәселеге қарай салынатын айыппұлдың мөлшері есептеліп жатыр. Бүгін Мәжілісте тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Осылайша, жаңа залдағы жаңа сессияны депутаттар жолаушылардың мүддесін қорғаудан бастады.

Басынан дау арылмайтын әуе компанияларының бірі депутат Бақытжан Базарбекті де әуре-сарсаңға түсірген. Ол қатардағы қызметкерлерден қайыр болмаған соң, базынасын компанияның басшысына жеткізіпті.