Инвесторлардың құқығын қорғайтын комитет ашылады
«Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын» - Президент
осылай деп ішкі экономика инвестиция тартуда жауаптылардың дұрыс жұмыс
жүргізбей жатқанын ашық айтты. Кесірінен әлі күнге дейін сырттан келетін ақша
жолы жүйеленбей келеді. Сондықтан мемлекет басшысы саланы реттейтін арнайы
комитет құруды тапсырып отыр. Яғни, Бас прокуратураның қарамағындағы Активтерді
қайтару жөніндегі комитет енді Инвесторлар құқығын қорғаумен айналысады.
Сондай-ақ, Үкімет Жоғары технологияға бір млрд доллар инвестиция тарту туралы
бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

