Қазақстанның қарулы күштері толық реформаланады
Қазақстанның қарулы күштері толық реформаланады. Әрі әскери мамандықты меңгеріп шыққан студенттерге бірден «аға лейтенант» атағы беріледі. Бұл туралы бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушылар күніне орай Ақордада өткен салтанатты жиында айтты. Мемлекет басшысы бірқатар күштік құрылым қызметкерлеріне әскери атақ табыстап, шендерін де, мерейін де өсірді.

