1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Биыл Қазақстанда бір триллион 200 миллиард теңгенің 180 индустриалды жобасы жүзеге асырылмақ. Еліміздің экономикалық стратегиясы шикізат экспортына тәуелділікті азайтуға және қосылған құны жоғары секторларды кеңейтуге жағдай жасауға бағытталған. Осылайша, индустрияландыру мен оның қарқынын жеделдету ынталандырылады. Өткен жылдың өзінде өңдеу өнеркәсібінде 928 млрд теңгенің 170 жобасы жүзеге асырылды. Сонымен қатар жергілікті өндірушілермен 179 ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылды.Осылайша, қабылданған барлық іс-қимылдар өңдеуші өнеркәсіптің елдің ЖІӨ-дегі үлесін өндіруші салалардың үлесімен теңестіруге мүмкіндік берді. Индустриялдық жобаларды жүзеге асыру ел экономикасын жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз етудің жаңа тетігі индустрияландыруды жеделдетуге ықпал етеді. Машина жасау саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын орындау арқасында осы саланың жалпы қосылған құны 4,5 есе өседі деп күтілуде.