Қазақстан жаһандық даму бастамасына қолдау көрсетеді
АҚШ-қа жасаған сапары барысында Президент Қытайдың жаһандық бастамасы жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңеске де қатысты. «Жаһандық дамудың жарқын келешегін бірлесе құру, бастапқы ұмтылыстарға адалдық» тақырыбына арналған. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық даму бастамасына Қазақстанның қолдау көрсететінін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл бастама халықаралық құқықты нығайтып, әділ әрі ашық тәртіп орнатуға жол ашпақ. Мұнда негізгі рөлді БҰҰ атқарады.

