Әлеуметтік прогресс рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің арасында 5 орын иеленді

Әлеуметтік прогресс рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің арасында 5 орын иеленді

Қазақстан ТМД елдері ішінде әлеуметтік прогресс деңгейі бойынша рейтингте 5 орын иеленді.

Ерекше атап өтетін жайт, еліміз Молдова, Беларусь, Украина, Ресей, Әзербайжан мен Орта Азия елдерінің алдын орап кетті. Бұл туралы finprom.kz порталы хабарлады.

Бұл рейтинг әлем елдерінің әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерін саралайтын беделді бірден-бір бағдарлама. Сарапшылар мемлекеттерді негізгі қажеттіліктер, әл-ауқаты мен азаматтардың мүмкіндіктері секілді негізгі критерийлер бойынша бағалайды.

Ал 170 ел ішіндегі  жаһандық индексте Қазақстан 63 орынға табан тіреген. Еліміздің индексі 69,73 баллды құрады. Рейтингте Дания, Норвегия мен Финляндия көш бастады. Ал ең соңғы орын Оңтүстік Суданға бұйырды.