Жеті жерлесіміз жарыс жолына шықты
Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында стенд атудан Мария
Дмитриенко финалға шықты. Отандасымыз «трап» бағдарламасында сәтті өнер
көрсетіп, іріктеуде 4-ші орын алды. Оның 2 оғы нысанаға тимей қалса да, жалпы
есепте 73 ұпай жинады. Бүгін Париждегі олимпиада ойындарының төртінші күні. Қазақстан
құрамасы 1 алтын, екі қола медальмен турнир кестесінің 12-ші сатысында тұр.
Бүгін жеті спортшымыз сайысқа түсті.
Париждің
қақ ортасында орналасқан Марс алаңы бүгін тағы жанкүйерлерге толды. Дзюдо
бәсекесінде отандасымыз Абылайхан Жұбаназар мен Эсмигул Куюлова бақ сынады.
Бірақ, екеуінің де жолы болмады. 81 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан
Абылайхан мажарстандық Аттила Унгвариден жеңіліп қалды.

