Қазақстандық сәйгүлік Дубайда дубль жасады

Қазақстандық сәйгүлік Дубайда дубль жасады

Әлемдік деңгейдегі бәйгеде қазақстандық сәйгүлік дубль жасады. Дүбірлі «Дубай кубогында» екінші мәрте топ жарып, көк туын тағы асқақтатты. Төрткүл дүниені тамсандырған қазақ арғымағы 1900 метрді 1 мин 57 сек 72 милисекундта бағындырып, қарсыластарын шаң қаптырды. Бұл – оның 10-шы жеңісі. Желмен жарыса жүйткіген «Қабырхан» бұған дейін үш рет қазақстандық, 5 мәрте ресейлік дербиде жеке дара келді. Енді сәйгүлік әмірліктерде кілең жүйрікпен бас жүлдені сарапқа салуға дайындалуда.

Тілек Мұхамбетқалиев, Қабырханның иесі:

-Финалға түсіп тұрмыз. Финал 30 наурызда болады. Биыл «Дубай Кубогы» 27-ші рет болады. Соған қатысамыз. Бүкіл әлемнің мықты аттары қатысады. Қазір 2 жұма демалады. Екі жұмадан кейін жаттығуға кіріседі.