Ширек ғасырын шахтаға арнаған азамат
Ерлан Жаңбырбай ең
алғаш еңбек жолын 2007 жылы «Шахтинск» шахтасында жер астындағы кенші ретінде
бастапты. Жас маман ауыр жұмысты қатар атқара жүріп, орта білім алды. Осылайша
ол Қарағанды техникалық колледжін «пайдалы қазбалардың жер асты кен орындарын
игеру» мамандығы бойынша тәмәмдады. Кәсіптік білімі оның қызмет баспалдағында өсуіне
тікелей жол ашты. Қарапайым кеншіден монтаждау-бөлшектеу учаскесі бастығының
орынбасары дейін көтерілді.
Ерлан Жаңбырбай, «Qarmet»
АҚ Шахтинск шахтасы учаске басшысының орынбасары:
- Біздің учаске
тау-кен-шахта жабдықтарын орнатумен, бөлшектеумен, жөндеумен және көшірумен
айналысады. Күн сайын жұмыстың нақты
нәтижесін көреміз. Қайнаған өндіріске
өз үлесімізді қосып жатқанымызды сезінеміз.Мен отбасымыздағы алғашқы
кеншімін.Сондықтан әулеттегі кеншілердің
жолы менен басталады.Жұбайыммен екі ұлым бар. Үлкенім 16 жаста.Ол да
өмірін тау-кен ісімен байланыстыруға мақсат қойып отыр.
Ерланның көмір
саласындағы еңбек өтілі жиырма жылға жуықтайды.Ширек ғасырға жуық уақыт
аралығында еңбек адамы шахтада кәсіби
маман ретінде шыңдалды.Тұла бойындағы табандылығы мен еңбекқорлығы оны тек алға талпындырды.
Жеңіс Жұмашев, «Qarmet»
АҚ «Шахтинск» шахтасы директорының орынбасары:
- Ерлан бізде 20
жылдан бері бері жұмыс істейді. Әрдайым
өзін жақсы қырынан көрсетіп,жас шахтёрлерге тамаша үлгі болып келеді.Жұмысына
өте жауапты, мақсаты айқын қызметкер.Әрі тәжірибелі тәлімгер.
Ерлан сөздің емес,
нағыз істің адамы.Сондықтан да кенші кәсібі жауапкершілік пен тегеурінділікті
талап етеді дейді,-кейіпкеріміз.Өйткені ол үшін учаскедегі тәртіп пен үйлесімді
жұмыс басты орында тұрады.
Ерлан Жаңбырбай, «Qarmet»
АҚ Шахтинск шахтасы учаске басшысының орынбасары:
- Кенші кәсібі – тиянақтылықпен төзімділікті талап етеді. Өз ісіңе үлкен
құрметпен қарауың шарт. Ал шахтаға заманауи технологиялардың енгізілуі жұмысты
бұрынғыдан да қауіпсіз етуде.Бір жағынан өте қолайлы.
Ерлан Жаңбырбай өмір жолын «Шахтинск» шахтасына арнаған еңбек
адамы. Бүгінде ол көрген – түйген тәжірибесін жас мамандарға түрде үйретіп жүр.
Автор: Жанбота Рахметуллаұлы

