АҚШ компаниясы Қазақстанда халықаралық клиника салады
Қазақстанда халықаралық клиника салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ashmore Group компаниясының бас директоры Марк Кумбс хабарлады. Бұған әлемдік деңгейдегі медицина операторы – Mount Sinai Health System компаниясын тарту көзделген. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің аталған маңызды жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Марк Кумбс Қазақстан экономикасының стратегиялық секторларында ынтымақтастық орнату үшін зор әлеует бар екеніне назар аударды. Сонымен қатар, ашық инвестициялық серіктестік бағдарламасы аясындағы ықпалдастық перспективасы жайында пікірімен бөлісті.

