Қожа Ахмет Ясауидің философиялық еңбегінің көшірмесі табылды

Қазақ ғылымы мен тарихы тағы бір керемет жаңалықпен толықты.  Ұлы ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары жариялаған «Рисала Мират әл Кулуб» кітабының түпнұсқасы XII ғасырда араб графикасымен түркі тілінде жазылған. Қолжазба проза түрінде жарық көрген. Үш тараудан тұратын шығарма әділдік, адалдық, ізгілік сияқты гуманистік құндылықтарды сипаттайды. Қазіргі уақытта мамандар Вашингтондағы АҚШ Конгресінің кітапханасынан табылған XVIII ғасырда көшірілген нұсқа мен бұрыннан бар түпнұсқаның ерекшелігін зерттеуде. Айта кетейік, құнды еңбектің XII ғасырдағы түпнұсқасы Ұлттық кітапханада сақтаулы.

Гүлсім Бисенова, Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығының жетекші сарапшысы

- Міне, көшірсесі жарық көрген бұл еңбекті қазіргі күні біздің Ұлттық орталығымыздың мамандары осы АҚШ-тан табылған көшірмесі мен біздің еліміздегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасындағы көшірмесімен салыстырып, екеуінің ерекшеліктерін зерттеуде. Мысалы, «Диуани Хикмет» біз үшін қандай құнды болатын болса, бұл еңбек те біз үшін, біздің қазақ тарихы үшін, біздің мәдениетіміз үшін аса құнды мәлімет беретін еңбек деп санаймыз.