1000 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды

Наурызнама кестесіндегі екінші қайырымдылық күніне орай елордада көмекке мұқтаж тұрғындарға азық-түлік себеттері таратылды. Акция «Игі істер» марафоны аясында өткізілді. Іс-шараға Астана әкімдігі мен «Астана жастары» ұйымының еріктілері ұйытқы болды.