Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне жеделхат жолдады. Онда ол Қазақстан халқының және өз атынан Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбдел-Азиз Әл Саудты Корольдіктің негізі қаланған күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы жеделхатта бүгінде Сауд Арабиясы – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған, халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі екенін ерекше атап өтті.  Қазақстан Президенті аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен елдің алдағы уақытта да Салман бен Әбдел-Азиз Әл Саудтың басшылығымен игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Сауд Арабиясының Короліне мол бақыт, ұзақ ғұмыр, ал бауырлас сауд халқына бақ-береке тіледі.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз Корольдікті Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп білеміз. Осы ретте дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды нығайтуға арқау бола беретініне кәміл сенемін.