Жеке кәсіпкерлер қатары артуда

Жеке кәсіпкерлер қатары артуда

Қазақстанда жеке ісін дөңгелеткен бизнесмендердің қатары артып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сай, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша еліміздегі жеке кәсіпкерлердің саны 1 млн 600 мыңға жеткен. Бұл былтырдың сәйкес кезеңінен 11% көп. Бұл үрдіс жыл санап қарқын алған.  Бизнес жүргізуге оңтайлы бағыттар да ұлғайып, кәсіп аясы кеңеюде. Биылғы жылы да кәсіпкерлер негізінен сауда-саттық, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі мен жылжымайтын мүлік операциялары, көлік және логистика сынды салаларда табыс тауып жүр. Жеке кәсіп арқылы нәпақа көзін ашқан нәзік жандылардың да қарасы қалыңдап барады. Қазір олардың саны 878 мыңға жетті. Аймақтарға келсек, кәсіпкерлер шоғыры Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Алматы және Түркістан өңірлерінде басым.