Бұқа экспортына уақытша тыйым салынды
Елімізде бұқаны экспорттауға уақытша салынған тыйым қайта ұзартылды. Ауыл шаруашылығы мен Қаржы министрлігі бірлестігімен шектеу туралы шешім 7 сәуірде шығарған болатын. Енді, міне, сол бұйрық тағы 3 айға ұзартылып отыр. Үкімет жариялаған түсініктемеге қарағанда, ведомство мұндай шешімге ішкі азық-түлік қауіпсіздігін сақтап, отандық ет өндіруші кәсіпорындарының жүктемесін арттыру мақсатында қабылдаған. Қазақстаннан тірідей экспортталатын малды негізгі сатып алушы – Өзбекстан. Сауда министрлігі өгізді тірідей сатқаннан гөрі, сойып жатқан әлде қайда табысты әкеледі деген уәж айтады. Қазір Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуропаға ет және ет өнімдерін экспорттауды ұлғайтуды жоспарлаған. 2024 жылы елден сыртқа 12,25 мың тонна ет шығарылып, 34,7 млн долларға кіріс әкелген. Қысқасы, тірі мал емес, ет сатқанның пайдасы көп.

