Биыл транзит тасымалының көлемі 14,6 млн тоннаға жетті
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» акционерлік
қоғамының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің есебін де тыңдады. Жыл
басынан бері транзит тасымалының көлемі 14 жарым миллион тоннаға жеткен.
Трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі
салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатыр. Биыл Достық-Мойынты учаскесіндегі
жолдың екінші бөлігі және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің
құрылысы аяқталады. Ұлттық компания басшысы тағы бірнеше бағыт бойынша салынып
жатқан желілердің құрылысы жөнінде баяндады. Мемлекет басшысы Қазақстанның
транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап
өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.

