Қазақстан 3,5 млн турист тартуды жоспарлап отыр

Қазақстан 3,5 млн турист тартуды жоспарлап отыр

Қазақстан алдағы 3 жылда 3,5 млн-ға жуық турист тартуды көздеп отыр. Ал, ішкі туристердің санын, тіпті 8 млн-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Салалық ведомство бұл мақсатта миллиардтаған қаражат жұмсамақ. Оларды еліміздің имиджін, цифровизацияны дамыту және жобалық кеңсені қаржыландыруға жұмсайды. Сонымен қатар, халықаралық көрмелерге қатысуға, ішкі туризмге бағытталған шараларға, арнайы интернет-ресурсты жүргізуге де көңіл бөлінеді. Миллиардтаған қаражат кәсіби кадрларды даярлауға және ол саладағы білім беруге, елімізге шетелден келген туристерді қабылдайтын туристік операторлардың шығындарын өтеуге де жұмсалады. Kids go free-ге, мәселен, бір жылда 150 млн теңге бөлінбек. Министрлік өкілдері бұл шара Қазақстан бойынша саяхаттауға кететін қаражаттың 30% үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтуда.