Каспий теңізі тартылып барады

Каспий теңізі тартылып барады

Каспий теңізі тартылып барады. Бірақ құм қазып, теңізді тереңдетуге бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Бүгін Сенат отырысында депутат Сүйіндік Алдашев  осылай деді. Қазір, әсіресе Ақтау портында жағдай қиын. Су деңгейі соңғы 100 жылда екі метрге төмендеген. Осылай жалғаса берсе, су бассейнінің солтүстік-шығыс бөлігі Аралдың тағдырын қайталауы әбден ықтимал. Алдашевтің айтуынша, қазір мәселені шешетін кешенді бағдарлама дайын. Былтыр алдағы төрт жылға арналған нақты жоспар да бекітілген. Оған сәйкес, ені ондаған шақырым болатын өзек қазылуы тиіс еді. Алайда әзірге мұның бәрі тек қағаз жүзінде қалып отыр.