Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі
Ресми іскерлік жиындардан кейін Тәжікстан мен Қазақстан президенттері ауыл шаруашылығы өнімдері мен ұлттық тағамдар көрмесін аралады. Бұл тәжік халқының дархандығы мен диқандарының еңбегін айшықтайтын шара. Мәртебелі меймандар аспаздардың өнерін, ерекше талғаммен әзірлеген палау түрлерін аста-төк дастарханнан тамашалады.
Тәжікстан жеміс-жидектің отаны. Көкөнісі көл-көсір. Қауын-қарбыздан пирамида тұрғызып, өрік, мейіз, жаңғақтан кілем төсеп тастағандай.
Юкром Оюб ара бағып, бал жинайтын омарташы.
Қазақстанға өзінен бұрын өнімі жеткен. Бұл тәжіктердің ежелгі ата кәсібі дейді
ол. Тәжікстанның 93 пайызы таулы жер. Яғни, омарташылыққа оңтайлы. Елде 4 мың
түрлі гүл өседі. Соның 173-ен нәрлі бал шығады екен.

