Жаңа 50 вагон жолға шықты
Енді Павлодарлықтар Алматыға еш уайымсыз қатынайды. Жолаушылар тасымалдайтын компания вагондарын жаңартты. Осылайша заманауи құрылғылармен жабдықталған 50 вагон жолға шықты. Парктің жаңаруы жолаушылар санын көбейтіп, қауіпсіздік деңгейін арттырады,-дейді мамандар. Соңғы екі жылда Қазақстан темір жолы 300-ден астам жаңа вагон сатып алған. Қазір олар Павлодар-Түркістан, Ақтөбе-Атырау, Қызылорда-Семей бағытында жолаушылар тасымалдайды.

