«100 отандық комикс» жобасы басталды

«100 отандық комикс» жобасы басталды

Алматыда Қазақ хандығының негізін қалаған «Керей мен Жәнібек» комиксы таныстырылды. Баспа бетінен қазақ және орыс тілінде бұл туынды 10 мың данамен шыққан. «100 отандық комикс» жобасының аясында автор – Ілияс Юсупжанов әр қазақ ханы туралы бөлек комикс шығармақ ниетте. Қазірдің өзінде 4 кітабы бар. Жас қаламгердің айтуынша, сурет түріндегі оның шығармаларында ойдан шығарылған кейіпкер жоқ. Тек өмірде болған қайраткерлер мен тарихи фактілер. Әрқайсында түрлі сюжет желісі де бар. Оның ішінде ерекше атап өтетіні қазақ батырларының ержүректігі, жан алысып, жан беріскен шайқастар. Басылымның бұл тәсілі де бекер таңдалмаған. Себебі, заманауи көзге ерекше көрінетін беттер арқылы келешек ұрпақ арасында қазақ тарихын насихаттау әлдеқайда жылдам болады.

 

Ілияс Юсупжанов, жазушы:

– Бұл заманауи жобалардың бірі әрі мен жасаған дүниенің ішіндегі ең жауаптысы. Сондықтан, менің өзім қатты толқып тұрмын. Тек Алматы мен Астана қалалары сияқты мегаполистер ғана емес, шалғайдағы ауыл балалары да осы комикстерге қол жеткізе алады деген үміттемін.