Интернет-алаяқтар 3,5 млрд теңге жымқырды
Жыл басынан бері интернет-алаяқтар қазақстандықтардың 3 жарым миллиард теңгесін жымқырған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, барлығы 4 мың факті бойынша қылмыстық іс ашылып, сотқа жіберілген. Жалпы жыл сайын киберқылмыс саны артып барады. Былтыр әккілер 22 мың адамды сан соқтырып, жалпы сомасы 45 миллиард теңгені қалтаға басқан. Соның ішінде көбіне 49-60 жастағы адамдар алданған екен. Мұны тоқтату үшін Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы күрес орталығын ашқан. Қазір барлық өңірлерде арнайы жедел тергеу тобы да жұмыс істейді.

