Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Алғыс айту күні – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды маңызды мерекемен құттықтады. Президент бұл күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсететінін, сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптелетінін, мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Халқымыздың уақыт сынынан өткен жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттері, әсіресе қиын-қыстау кездерде айқын көрінеді. Бүгінде мемлекетімізде ауқымды өзгерістер болып, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасалып жатыр. Осындай сындарлы сәтте елдік мүддені бәрінен биік қойып, ырыс-ынтымағымызды сақтау өте маңызды. Біз озық ойлы ұлт ретінде көздеген барлық биік мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін. Осы орайда тынымсыз тер төгіп, Қазақстанды көркейтуге өз үлесін қосып жүрген азаматтарға алғыс айтамын. Баршаңызға бақ-береке және мол игілік тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!