Тасқын қаупі төніп тұрған ауылдар азайды
Алматы облысында тасқын қатер төндіретін ауылдардың саны азайды. Кейінгі екі жылда қауіпті деп танылған 20 аумақтың 7-де бөгеттер салынды. Тағы 13 аумақта сақтық шаралары жалғасып жатыр. Мәселен, Райымбек ауданда ұзындығы 8 шақырым болатын 5 қорғаныс бөгеті тұрғызылды. Ал, Кеген ауданында 2 автожол көпірі салынды. Наурыз, сәуір айларында 30 мың текше метр қар көшкіні болады деген болжам бар. Осыған байланысты қазір Түрген, Батан және Есік автожолдары жабылды.

