Инвесторлар елімізде автобөлшектерді оқшаулауға 410 млрд теңгеден астам қаражат бөледі
Отандық және шетелдік инвесторлар Қазақстанда автобөлшектердің базасын
ұйымдастыруға 410 млрд теңгеден астам қаражат бөледі. Аталмыш өндірісті
жергіліктендірудің мақсаты - өнімді қазақстандықтарға қолжетімді ету. Яғни, тұтынушыға және шикізат көздеріне географиялық
жақындық өндірушінің логистикалық шығындарын азайтады және бұл белгілі бір
дәрежеде дайын өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігінің мәліметінше, елде ондіріс ошақтарын құру жол машақатын шешіп, құрамдас
бөліктердің тапшылығын азайтады. Жаһандық өндірушілер пандемия кезінде бұндай
мәселелерге тап болғаны белгілі. Қазақстан өнеркәсіпті дамыту үшін негіз болып
табылатын ауқымды табиғи ресурстарға ие. Сонымен қатар, ел жаһандық жеткізу
тізбегін өзгерту процестерінің дәл орталсында орналасқан. Сарапшылардың
пайымынша, бұның бәрі отандық автоөндірістің әлеуетін арттыруға жол ашады. Айта кетейік, қазір Қазақстанда газ шығару жүйелері,
бамперлер, сэндвич-панельдер, мультимедиа, дөңгелектер, аккумуляторлар сынды
құрамдас бөлшектер шығару жобалары
жүзеге асырылуда. Естеріңізге сала кетейік, биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық автомобиль өнеркәсібі өндірісінің
неғұрлым күрделі деңгейіне және экспортқа шығу қажеттігін атап өткен болатын. Бұл
жергілікті кәсіпкерлердің жоғары бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші болады.

