Қазақстан мен Еуроодақ ықпалдастығы күшейтіледі

Қазақстан мен Еуроодақ ықпалдастығы күшейтіледі

«Орталық Азия – Еуропа Одағы» аясындағы ықпалдастық күшейе түседі. Бүгін мемлекет басшысы Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласты да қабылдады. Еуроодақ өкілінің айтуынша, Қазақстан одақпен серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойған аймақтағы алғашқы елдің бірі. Сондықтан бұл екіжақты байланыс деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Қазір Еуропалық комиссия мен Қазақстан арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісім бекуде. Егер уағдаластық сәтті аяқталса, онда біздің азаматтардың Кәрі құрлыққа түрлі мақсатта кіріп-шығуы анағұрлым жеңілдейді. Мемлекет басшысы қазақстандықтар аталған жаңалықты қуана қабылдағанын атап өтіп, бұл қадам еуропалық елдермен жеке және іскерлік қатынастарды нығайтуға мүмкіндік беретінін айтты. Бұдан бөлек, кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық та талқыланды.