Экология министрлігіне қарасты 8 қызметкер жемқорлық бойынша сотталды

Экология министрлігіне қарасты 8 қызметкер жемқорлық бойынша сотталды

Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты 8 қызметкер жемқорлық бойынша сотталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Kazinform жолдаған сауаға осылай деп жауап қайтарды. Агенттік 2024 жылы министрліктің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметшілеріне қатысты 15 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеген. Нәтижесінде 9 адамның құйтырқы әрекеті әшкереленіп, оның 8-і бас бостандығынан айырылған. Шығын көлемі 167 млн теңгеден асады. Әзірге оның 45 млн теңгесі өтелді, - дейді агенттік өкілдері.