«Мектепке жол» акциясы басталды
Астанада мектеп жәрмеңкесі басталды. Бір айға созылатын науқан шаһардағы ірі сауда орталықтарының маңында ұйымдастырылады. Бұл жерден оқушыға қажетті құрал-жабдықтың бәрін табуға болады. Сапалы, арзан, әрі барлығы бір жерде. Сабылып, базар ішін барламайсыз.
Жыл сайын өтетін мектеп жәрмеңкесі қыркүйекке дейін жалғасады. Ол үшін мамандар қала бойынша 12 орын әзірлеген. Жәрмеңкеден кеңсе тауарларынан бастап, мектеп формасына дейін сатып алуға болады. Ең бастысы мұндағы тауарлардың бәсі, базардағы бағадан арзан.

