Қазақ тілді робот аутист балаларға көмектеседі

Қазақ тілді робот аутист балаларға көмектеседі

Аутизм диагнозы қойылған балаларға жасанды интеллектіге негізделген робот терапиясы арқылы ем-дом жасауға болады. Жаңа оңалту әдісін отандық ғалым Анар Сандығұлова ойлап тапқан. Айтуынша, робот адамның көзіне тіке қарай алмайтын балалардың назарын өзіне аударады. Осылайша, баланы адамдармен бетпе-бет сөйлесуге машықтайды. Әрі робот 3 тілде еркін сайрап тұр. Ғалым бүгінде еңбегіне авторлық құқық рәсімдеп үлгерген. Оның жобасы 2023 жылы Швецияда өткен халықаралық конференцияда жоғары бағаланып, енді АҚШ пен Еуроодақтан патент алмақшы.