Президент майдангерлер рухына тағзым етті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етіп,оларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мемлекет басшысы әскери парадта сөйлеген сөзінде Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлемге үлкен сабақ болғанын айтып, «Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға өскелең ұрпақ мәңгілік тағзым етеді» деді.

