Үш қаржы пирамидасы бұғатталды

Үш қаржы пирамидасы бұғатталды

Қаптаған қаржы пирамидаларының қызметі шетінен бұғатталып жатыр. Алматыда осындай кезекті 3 ұйымның жұмысы орта жолдан тоқтатылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, олар: «Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» деп аталады. Ұйымдар салымшыларды «трейдерларды көтеру арқылы көп пайда табуға болады» деп жұртты алдап, түрлі жобаларға инвестиция салуға көндіріп келіпті. Анықталғандай жоба 9 деңгейден құралып, орташа салым сомасы 225 мың теңге болған. Бір қызығы, қаржы пирамидасы төлемді тек USDT криптовалютасында қабылдап жүріпті. Қазір соттың санкциясымен 3,8 млн USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынған. Әзірге аталған алаяқ үш ұйымнан нақты қанша адамның зардап көргені белгісіз. Мән-жайы толық тексеріліп жатыр.