12 блогер 73 млн теңге салық төледі

12 блогер 73 млн теңге салық төледі

12 қазақстандық блогер 1,5 миллиард теңге табысын декларациялап, 73 млн теңге салық төледі. Мемлекеттік кірістер комитеті солай дейді. Жалпы, 854 блогер мен инфлюенсер кірісін жасырды деп айыпталған. Олар 30 жұмыс күні ішінде интернет арқылы қанша пайда тапқаны туралы есеп беруі тиіс. Комитеттің мәліметі бойынша, қарыздың жалпы сомасы 72 миллиард теңге. Айта кетсек, қазіргі заңнамаға сәйкес, кез келген желіде 20 мыңнан астам оқырманы барлар блогер саналады. Былтыр олар 1,2 млрд теңге салық төлеген.