Мемлекет басшысы «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты
Жасанды интеллектті ілгерілетін жаһандық ұйым құрылады. Оның штаб пәтері
Шанхайда орналасады. Қазақ Президенті «ШЫҰ плюс» форматында өткен саммитте осы
бастаманы қолдады. Әрі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының даму банкін құруды
құптады. Өйткені «Бір белдеу, бір жол» жобасын одан әрі дамытуға күш салу
қажет. Президент Каспий теңізінің мүшкіл хәлін айтып, экология, климат
мәселесіне мән берді. Сондай-ақ, жаһандық қауіпсіздікке жауапты халықаралық
құрылымды реформалау қажет деді.

