Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшылары Алматыда келіссөздер өткізді

Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшылары Алматыда келіссөздер өткізді

Қазақстан мен Ресей өнеркәсіп, автомобиль жасау, энергетика, мұнай-химия, көлік инфрақұрылымы, цифрлық экономика және басқа да көптеген салаларда бірлескен жобаларды бірлесіп іске асыруда. Екі елдің үкімет басшыларының Алматыдағы келіссөздері барысында Ресейлік тарап жаңа өндірістік тізбектер құру қажеттігі туралы мәлімдеді. Мемлекетаралық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, атап айтқанда, Ресей аумағы бойынша Қазақстандық көмірдің транзитіне, сондай-ақ отандық тасымалдаушылардың көрші елге кіруіне қатысты проблемаларды шешу мәселелері жан-жақты талқыланды. Әлихан Смайылов Ресей - еліміздің басты экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Оған мемлекеттер арасындағы  сауда  дәлел. Ол өткен жылдың 11 айында тараптар арасындағы тауар айналым 24 миллиард долларды құрады.

 

 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

-Бізге елдеріміз арасындағы тауар айналымын одан әрі кеңейту маңызды. Біз өңіраралық және шекаралық өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударамыз. Бұл бағыттағы тиімді алаң өңіраралық ынтымақтастық форумы болып табылады. XIX форум өткен жылы Қостанай қаласында сәтті өткізілді. Осы жылы да түрлі деңгейдегі бірлескен іс-шаралар мен өзара байланыстар тұрғысынан кездесулер өткіземіз деп ойлаймын. Қазақстан Үкіметі барлық бағыттар бойынша толық форматты және өзара тиімді серіктестікті дамытуға дайын.

 

Сонымен қатар еліміздің үкімет басшысы қырғыз тарапымен де келіссөздер жүргізді. Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы қарсаңында Орталық Азия Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы - Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровпен кездесу өтті. Тараптар сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың қарқынды дамып келе жатқанын назардан тыс қалдырмады.  Өткен жылдың 11 айында ғана тараптар арасындағы алыс-беріс 12% өсіп, бір миллиард 300 миллион долларға жетті. Енді екі ел бұл көрсеткішті 2 млрд жеткізуге ниетті.