Олжас Бектенов Қазақстанның жаңа Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды

Олжас Бектенов Қазақстанның жаңа Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды

Қазақстанның жаңа Премьер-Министрі лауазымына Олжас Бектенов тағайындалды. Бұған дейін ол Президент Әкімшілігін басқарған. Президент  ұсынған Үкімет басшысының кандидатурасына Мәжіліс келісім берді. Оған 69 палата депутаты өз дауыстарын беріп, 7 қалыс қалды. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Өз сөзінде ол министрлер кабинетінің жаңа басшысының алдында тарифтік саясаттағы кедергілерді жою, аграрлық секторды жаңғырту, сондай-ақ қаржылық және әлеуметтік саланы басқарудың жаңа тәсілдерін әзірлеу міндеті тұрғанын атап өтті.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті :

- Үкімет өз қызметінде кәсібилік, жауапкершілік, жеделдік және бастамашылдық сияқты қасиеттерді ұштастыруға тиіс. Үкімет экономиканы халқымыздың игілігі үшін ынталандыруға және әртараптандыруға бағытталған батыл әрі табанды шешімдер қабылдауы қажет. Бұл міндеттің маңызы зор және ол стратегиялық сипатқа ие.

 

Президент Олжас Бектеновты тәжірибелі мемлекеттік қызметші, оның елдің экономикасы және басқа да салалар бойынша білімі мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары екенін атап өтті. Мемлекет басшысы оған 2029-шы жылға қарай елдің ЖІӨ екі есеге ұйлғайтуды тапсырды. Өз кезегінде жаңа Премьер-Министр Үкіметке жүктелген міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салатынын жеткізді. Палата отырысында еліміздің саяси партияларының атынан шыққан депутаттар тағайындауға қатысты пікірлерімен бөлісті.

 

Павел Казанцев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Экономикалық және әлеуметтік реформалардың басым бөлігі нақтыланған, олардың бағыты  айқын. Қазіргі таңда бізге экономикаға инвестиция ағынын ынталандыратын салық және бюджет кодекстерін әзірлеуге және бұл бағытта қажетті барлық шараларды тұйықтайтын реформаларды қарқынды түрде жүзеге асыру және Президент жүктеген  тапсырмаларын орындауға күш жұмсау қажет.

 

Азат Перуашев, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының төрағасы:

- Бұл шешім - барлық парламенттік дәстүрлерге сәйкес келеді. Себебі, Премьер-Министрді парламент тағайындауы қажет. Бұл біріншіден. Екіншіден, Бектенов мырза экономикадан хабары жақсы. Мен онымен бұрыннан таныспын. Дегенмен, осыған дейін біз бүкіл фракцияны жинап, мүшелермен талқылап, олардың да пікірін тыңдадық.  Бектенов мырза, сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінде жұмыс істеген кезінде де, біздің әр ұсынысымыз бен бастамамызға мұқият құлақ асып, іс жүзінде жүзеге асырғаны - оның маман ретіндегі біліктілігінің көрсеткіші.