170 млн теңгеге айыппұл салынды
Былтыр елдегі энергетика нысандарына 472 тексеру жүргізіліп, біршама олқылықтың беті ашылған. Сөйтіп, біраз мекемеге 170 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, Президент тапсырмасына сай «Жылу энергетикасы туралы» жаңа заң қабылданған. Осы норма шеңберінде енді мемлекеттік энергетикалық бақылау Кәсіпкерлік кодексінің талаптарынан тыс жүзеге асырылады. Ал жоспарсыз бақылау жұмыстары жылу желілерінің температуралық кестесін сақтамау жағдайларын 215-тен 65-ке дейін азайтуға мүмкіндік беріпті. Сонымен қатар, электр станцияларындағы технологиялық қалыпты бұзу фактілері үш есе қысқарыпты.

